Қазақстанның ежелгі тарихына шолу
Ежелгі Қазақстан тарихы нені оқытады? Қазақстанның ежелгі тарихы тас ғасырынан бастап біздің дәуіріміздің V ғасыры аралығындағы тарихты оқытады. Оқулық осы кезеңдегі археологияны, қазақ жерін мекендеген ежелгі адамдардың өмірі мен тіршілігін, болған оқиғаларды баяндайды. Сондай-ақ адамдардың тұрмыс-тіршілігін, шаруашылығын, мәдениетін, наным-сенімін, дүниетанымын оқып білетін боламыз. Ертеде өмір сүрген тайпалардың саяси өмірімен, саяси бірлестіктерімен танысамыз. Қазақ жерін мекендеген тайпалардың өзге көрші тайпалармен қарым-қатынасы, мәдени байланыстары қамтылады. Бұл оқулықтан тарихтың кезеңдерін және ол кезеңдердегі археологиялық ескерткіштердің еліміздің тарихындағы орнын оқып білеміз.
Ежелгі дәуір кезеңдері. Ежелгі дәуір тарихын кезеңдерге бөлудің бірнеше түрі бар. Осылардың ішінде ең көп қолданылатыны-археологиялық тәсілдер негізінде кезеңге бөлінуі. Археологияда адамзат тарихының дамуы олардың еңбек құралдарын жасаған негізгі материалының атауына байланысты кезеңге бөлінеді. Мәселен, құралдар тастан жасалған кезең-тас дәуірі, қоладан жасалған кезең-қола дәуірі, темірден жасалған кезең темір дәуірі деп аталады.
курс ұнады